Абайдың әндері » Средняя многопрофильная школа №37
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№37 көпбейінді орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-11-42
Есепші:
+7 (7232) 22-29-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ақпан
2020

Абайдың әндері

Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың (1845-1904) алатын орны ерекше. Ағартушы-ақын,жаңашыл композитор – бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан тамаша әндер туды.

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері XIX ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына өрледі.

Әннің адам өміріндегі мән-маңызы туралы Абай өте бейнелі әрі терең тұжырым жасады:

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

Жыласын, көзден жас ақсын,

Омырауым боялсын.

Қара басқан, қаңғыған,

Хас надан нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар,

Құлағын ойлы ер салсын.

Абай әнші-ақынның идеалдық тұлғасын биік адамгершілік және эстетикалық қасиеттердің иесі және сол өнегені адамдар жүрегіне ұялата білетін тәлімгер-тәрбиеші ретінде бейнеледі.

Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан - сауық ойда жоқ әуел баста – ақ.

Абайдың музыкалық творчествосы жайлы қазақ музыка зерттеушілерінің арнайы жазған еңбектері де аз емес. Композитор шығармаларын зерттеуге арналған алғашқы тыңғылықты еңбектердің бірі – Г.Шомбалованың «Абай әндері» атты очеркі. Автор мұнда қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай қызметін жоғары бағалай келіп, оның ақындық және композиторлық творчествосындағы өлең құрылысы мен музыка тіліндегі жаңашылдық тндециясының сыр- сипатын ашуға басты назар аударады.Ол Абайдың музыка тілі халық әуеніне жақын екенін,оған орыстың тұрмыстық романстарына тән белгілердің енгенін атап көрсете келіп, «Өлсем, орным – қара жер сыз болмайма», «Біреудең біреу артылса», т.б. бірқатар әндерінің өлеңдеріне төрт немесе үш күрделі буын тобының ырғақты кезектесуіне құрылған дәстүрлі ававсвсв ырғақты сегіз жолдық ұйқасқа құрылған «Қарашада өмір тұр» әні мысал болады.

Абайдың 5, 5, 8 +5, 5, 8 + 8, 8 түрінде кезектесіп келген жаңа ұйқас үлгісін құруына « Сегіз аяқ» әні дәлел. Бұл очеркте Г.Шомбалова Абай әндерін зерттеу үшін, оның музыкалық тілінің бастауын, негізін анықтап алудың маңызды екенін атап көрсетеді.

Абайдың музыкалық мұрасына Ғ.Бисенованың « Сегіз аяқ» очеркі арналды.Музыка зерттеушісінің « Сегіз аяқ» әнін негізгі обьект етіп алуының себебі – Абай талантынын гүлденген шағында туған, әрі ән лирикасында алғашқы шығармалардың бірі болып саналатын бұл ән оның шумақ құрылымына әсер ететін жаңа өлең ұйқасын ойлап табуының айқын мысалы болуынан. Сонымен қатар, « Сегіз аяқ» әні Ғ.Бисенованың пікірі бойынша « әлеуметтік мәні, көркемдік қасиеті және форма сонылығы жөнінен этапты шығарма болды». 

Абай әндері тек совет дәуірінде ғана жинала бастады. Бұған 1919 жылы негіз салған А.Э.Бимбоэс. Одан екі-үш жыл өткеннен кейін А.В.Затаевич бұл істі қолға алды. 30-шы және одан кейінгі жылдары бұл жұмысты Л.Хамиди мен Б.Ерзакович, Е.Брусиловский,А.Жұбанов, Д.Мацуцин, т.б. жалғастырды. Қазіргі кезде совет фольклоршылары Абайдың түрлі орындаушылардың айтуы бойынша жазылып алынған нұсқаларын қосқанда, 60-тан астам әндерін нотаға түсірді. Абай әндерін жинап,насихаттауда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтыің еңбегін ерекше атап кеткен жөн. М.Әуезов ұлы ақынның музыкалық творчествосының асқан білгірі еді,оның көмегімен Абайдың біраз әндері табылып,жазылып алынды, көптеген халық әншілерінің бұл әндерді сол кісінің айтуынан үйренгені белгілі.

Абайдың ән мұрасы ондаған жылдардан бері жиналып,зерттеліп келеді. Алайда, композитордың белгісіз әндері немесе белгілі әндерінің жаңа варианттары әлі де табылуда.Музыка зерттеушілері мен композиторлар Абай әндерін жинағанда оның творчествосында домбыра күйлерінің де болғанын естен шығарған тәрізді.Абайдың домбыраны жақсы тартқаны, үй ішінің ортасында ән шығарып,домбырамен айтқаны белгілі.Өмірінің соңғы жылдарында шығарылған «Домбыраға қол соқпа» өлеңінде домбыраны басынан өткен қайғы-мұңды сейілтуші етіп суреттейді.

Сыдық Мұхамеджанов Абайдың он бес өлеңіне тамаша романстар циклін жазды. Соның ішінде «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» лирикалық романсы ерекше дараланады.Мұнда автор Абай әуенінің стилін,оның эмоциялық қуатының тереңдігін,ән тынысыныі кеңдігін ерекше шеберлікпен жеткізген. «Көңіл құсы құйқылжыр»атты көркем де мазмұнды өлеңі Мәкәлім Қойшыбаевтың романсында өзіндік музыкалық көркемдік шешім тапты.


Похожие публикации:

11 ақпан 2020 Шығармашылығы